• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Шілде, 2019

«SATUC» қайырымдылық ұйымы Қазақстанмен ынтымақтастуға ниетті

494 рет
көрсетілді

 Қазақстанның Мысырдағы Ешісі Арман Исағалиев негізгі офисі Каирде орналасқан «SATUC» қайырымдылық ұйымының төрайымы, Қатар билеуші әулетінен шыққан Шейха Әл Тәнизмен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

2015 жылы құрылған «SATUC» ұйымы әлем бойынша панасыз қалған балаларға қамқорлық етіп, жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Шейха Әл Тәнидің бастамасымен жыл сайын балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында футболдан әлем чемпионатын ұйымдастырып отырады. Сайыстар Рональдо, З.Зидан, А.Дель Пьеро сияқты әлем футболы жұлдыздарының қолдауы және қатысуымен өтеді. 

Сұхбат барысында «SATUC» қайрымдылық қорының Қазақстанмен ынтымақтастық құру жолдары қарастырылды. Әсіресе, жетім балаларды спортқа баулу, олардың шет елдерге сапарларын ұйымдастыру және әлемдік сайыстарға қатыстыру мәселелері талқыланды. 

Ш.Әл Тәни 2019 жылғы желтоқсанда Мароккода өтетін футболдан балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында өтетін чемпионатқа Қазақстан құрама командасына шақыру табыстады. Сонымен қатар, «SATUC» қайрымдылық қоры 2020 жылы Қазақстанда қыздардың футболдан бірінші әлем чемпионатын ұйымдастыруды ұсынды. Іс-шараның басты мақсаты мемлекет қамқорлығындағы балалардың спорттық ойындарға қатыстыру арқылы олардың дамуына мүмкіндік беру, қоғам тарапынан өмірлік мақсаттарын іске асыруға жан-жақты қолдау болып табылады.